Суббота, 21.10.2017, 18:54
Приветствую Вас Гость | RSS

Высшее образование дает возможность
нам заработать на хлеб,
а самообразование - на икру и на масло

Меню сайта
Категории раздела
Форма входа

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Яндекс.Метрика Яндекс цитирования

Каталог статей

Главная » Статьи » Информатикадан сабақ жоспарлары [ Добавить статью ]

В разделе материалов: 27
Показано материалов: 1-5
Страницы: 1 2 3 4 5 6 »

Сабақтың  тақырыбы: WordPad. мәтіндік редакторымен жұмыс.
Сабақтың  мақсаты: Оқушыларды WordPad. мәтіндік редакторымен таныстыру.
Білімділік: Құжаттың құрылымы, стильі, баспа бетінің геометриясы туралы және WordPad. мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, сақтауға үйрету;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардыұ ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру .
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .
3. Жаңа тақырыпты тұсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма беру.
Жаңа түсініктер:
Мәтіндік процессор - бұл тек қана мәтінді енгізу мен түзету ғана емес, сонымен қатар оны пішімдеу құралдары бар бағдарламалар класы. Сонымен қатар пішімдеу кағаз бен экранға шығаруды басқаратын көрінбейтін кодтарды енгізу жолымен іске асады. WordPad мәтінді пішімдеудің минималды мүмкіншілігі бар қарапайым мәтіндік процессор болып табылады. Жай құжаттарды дайындау үшін және мәтіндік файлдарды бір пішімнен басқа пішімге өзгерту үшін пайдаланылады. Тек осы редактор ғана  DOS ОЖ-да жасалған орыс мәтінін оқуға мұмкіндік береді.
WORDPAD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫ
Қазіргі кезде дербес компьютерлерді құжаттар мен мәтінді дайындауда кеңінен пайдаланады. Компьютерлер тек баспа машинасының қызметін аткарып кана коймай, құжаттарды дайындау процесінде көптеген косымша мүмкіндіктер береді.
Біріншіден, компьютердегі мәтінді түзетуге, мәтін ұзінділерін косута, мәтін арасына жаңа жолдар қосуға, әр түрлі құжаттарды бірін-біріне қосуға, мәтіннің шекараларын тегістеуге. Жолдарды экранның ортасына келтіруге (центрлеуге), құжатты сақтап, баспаға қанша дана болса да шығаруға болады.
Екіншіден, әр түрлі қаріптерді, тұрлі тілдердің алфавиттерін, сондай- ақ. графикалық символдарды пайдалануға болады.
Үшіншіден, мәтін арасына кестелерді, суреттерді, графиктерді кірістіруге, сонымен қатар мәтіннің өзін түрлі пішінде (қисық бойында орналастыруға, "көлемді" пішін беруге, көлеңкелеуге және т. б.) орналастыруға болады.
Төртіншіден, қағазға жазылған мәтіндерді, құжаттарды (хат, кітап мәтінін және т.б.) сканер арқылы өткізіп, тану бағдарламасының көмегімен мәтіндік пішімге келтіруге болады.
Бесіншіден, стандартты құжаттарды шығарғанда дайын үлгілерді пайдалануға
болады.
Алтыншыдан, мәтіндерді дискілерге қысын жазып қоюға да болады.
 
WORDPAD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫНДА Ж¥МЫС ІСТЕУ
WordPad мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді. WordPad. құжаттарында мәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға, әр түрлі қаріпті қолдануға, сонымен қатар графикалық кескіндерді, дыбыс үзінділері мен бейнеклиптерді қоюға болады.
WORDPAD БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСУ:
WordPad. мәтіндік редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз: Пуск => Программы => Стандартные => WordPad. (Жіберу => Бағдарламалар => Стандартты -> WordPad.. Редакторды іске қосқаннан кейін экранға WordPad. мәтіндік редакторының терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, құрал-саймандар тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы. Терезенің көп бөлігін бос кеңістік жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі. Терезенің тақырып жолында қркат аты және  WordPad. бағдарламасының аты көрінеді. Құрал-саймандар   тақтасында   жиі   пайдаланылатын   командаларды   шақыру батырмалары бар. Әрбір батырманың, міндетін білу үшін, маустың нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төрт бұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.



 


WORDPAD - та құжат құру
1.
 WordPad. құжат кұру үшін, төмендегі негізгі сатыларды орындау керек:  
Қаріп және оның өлшемін таңдау
2. Мәтінді енгізу және редакциялау
3. Мәтінді пішімдеу
4. Құжатты сақтау және ашу
5. Баспаға шығару
Осы сатыларды қарастырайық:
1. Қаріп және оның  өлшемін таңдау:
Есептер тақтасындағы пернетақта индикаторы арқылы қажетті тілді таңдай аламыз.
 
Қаріп түрлерін кұрал-саймандар тақтасындағы Қаріп батырмасын шерту  арқылы, ал өлшемін Қаріп өлшемі батырмасы арқылы өзгерте аламыз.
 

Қаріпті, Өлшемді және Әлпетті қатар   өзгерту  ұіпін   Формат - Шрифт(Формат - Қаріп) командасын орындаймыз.
2. Мәтінді енгізу және редакциялау:
Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде төмен жылжытылып отырады.
Мәтінді теру кезіндегі кейбір пернелердің қызметі:
Enter - жаңа жолға көшу
Shift - бас әріптерді теру
СарsLоск - бас әріптер режиміне ауысу
Васкsрасе - меңзердің сол жағындағы символарды өшіру
Delete - меңзердің оң жағындағы символдарды өшіру
3. Мәтінді пішімдеу:
Мәтіннің әлпетін өзгерту және мәтінді беттердің шеттері бойынша тегістеу әрекеттері орындау мәтінді пішімдеу деп аталады.
Мәтіннің әлпеті: Ж- жартылай қалың, К - курсив, Ч - асты сызылған. Кәдімгі Пішімдеу құрал-саймандар тақтасындағы Ж, К, Ч батырмаларын шерту арқылы жылдам өзгертіледі.
Мәтінді тегістеу үшін Пішімдеу құрал-саймандар тақтасындағы сол жақ шеті, оң жақ шеті, ортасы бойынша тегістеу батырмалары қолданылады. Бұл әрекетті Формат - Абзац командалары арқылы да орындауға болады.
1. Құжаттарды сақтау және ашу:
WordPad. мәтіндік редакторында құжатты сақтау үшін Файл - Сохранить как командасын орындаймыз. Осы редакторда сақталған файлдың кеңейтілуі автоматты түрде *.dосболады.
Сақталған құжатты ашу үшін: Файл - Открыть командасын орындаймыз Жаұа құжат құзу үшін: Файл - Создать командасын орындаймыз
Құжаттарды басу:
Құжат құрудың соңғы сатысы - оны баспаға беру. Құжатты баспаға басу әрекеттері:
1. Файл - предварительный просмотр (алдын ала қарап шығу)
2. Файл – Печать

Тапсырмалар:
1. Оқулықтағы 168 беттегі тапсырманы компьютерде орындаңдар
2. Оқулықтағы 171 беттегі тапсырманы компьютерде орындаңдар
3. Оқулықтағы 178 беттегі тапсырманы компьютерде орындаңдар
Сабақты бекіту сұрақтары:
WordPad. мәтіндік редакторының атқаратын қызметі қандай?
WordPad. мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?
WordPad.мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз
WordPad. мәтіндік редакторында құжат құру сатыларын атаңыз
Мәтіннің қаріпін, өлшемін, әлпетін қалай өзгертеміз?
Мәтінді тегістеудің қандай түрлері бар, олар қалай орындалады?
Үйге тапсырма: 5.1. тақырыпты оқу, жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.

7 сынып жоспарлары | Просмотров: 5177 | Добавил: Учитель | Дата: 19.01.2013 | Комментарии (0)


Сабақтың тақырыбы: Сынақ жұмысы
Сабақтың мақсаты. Оқушылардың білімін бағалау
Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін тексеру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Сынақ сабақ.
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру .
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .
3. Тесте берілген сұрақтарға жауап беру
4. Тест сұрақтарын талдау
5. Үйге тапсырма беру
Тест сұрақтары:
1. Жылжытылатын немесе көшірілетін ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы бөлігі...
А) жұмыс үстелі      Ә) операциялық жүйе        Б) алмасу буфері        В) Себет

2. Белгіленген объектінің Алмасу буферінде осы объектінің көшірмесі түрінде
орналасуы қалай аталады?
А) объектілерді жылжыту Ә) объектілерді көшіру
Б) объектілерді орналастыру         В) объектілердің орынын ауыстыру

3. Белгіленген объектінің бұрынғы орнынан алынып, алмасу буферіне орналасуы қалай аталады?
А) объектілерді қиып алу Ә) объектілерді көшіру
Б) объектілерді орналастыру         В) объектілердің орынын ауыстыру

4. Алмасу буферіндегі объектілерді қажетті жерге орналастыру қалай аталады?
А) объектілерді жылжыту Ә) объектілерді көшіру
Б) объектілерді кірістіру В) объектілердің орынын ауыстыру

5. WINDOWS операциялық жұйесінде негізгі менюді пайдаланып объектілерді көшіру немесе қиып алу әрекеттері қалай орындалады ?
А) Правка - Копировать (Вставить) Ә) Файл - Копировать (Вырезать)
Б) Правка - Вырезать (Вставитъ) В) Правка - Копировать (Вырезать)

6. Қатар орналасқан бірнеше объектілерді қалай белгілейміз?
А) Shift пернесінің көмегімен Ә) Аlt пернесінің көмегімен
Б) Сtrl пернесінің көмегімен В) Іпsert пернесінің көмегімен

7. Әр жерде орналасқан бірнеше объектілерді қалай белгілейміз?
А) Shift пернесінің көмегімен Ә) Аlt пернесінің көмегімен
Б) Сtrl пернесінің көмегімен       В) Іпsert пернесінің көмегімен


8. Алмасу буферіндегі объектілерді негізгі меню арқылы қажетті орынға кірістіру  әрекеті қалай орындалады?
А) Правка - Копировать Ә) Файл - Вставить
Б) Правка - Вырезать В) Правка – Вставить

9. Пернетақтаньщ көмегімен объектілерді Көшіру ушін қандай пернелерді
қолданамыз?
А) Shift+С Ә)Сtг1+С       Б)Ctг1+Х         В) Ctrl+V

10. Пернетақтаныұ көмегімен объектілерді Қиып алу үшін қандай пернелерді
қолданамыз?
А) Shift+С Ә)Сtг1+С       Б)Ctг1+Х         В) Ctrl+V

11. Пернетақтаның көмегімен объектілерді Кірістіру үшін қандай пернелерді  қолданамыз?
А) Shift+С Ә)Сtг1+С       Б)Ctг1+Х         В) Ctrl+V

12. Paint  графиктік редакторында файлдың типі қандай болады?
А) doс Ә) .bmр       Б) .txt В) .ехe

13. Кез келген команданы жылдам орындау үшін қолданылатын терезе бөлігі...
А) құралдар тақтасы Ә) тақырыптық қатар
Б) меню қатары В) жұмыс алаңы

14. Кез-келген бағдарламада жаңа құжат құру командасы қалай орындалады?
А) Файл - Создать Ә) Правка - Создать
Б) Файл - Открыть В) Файл – Сохранить

15. Кез-келген бағдарламада құжатты сақтау командасы қалай орындалады?
А) Файл - Создать Ә) Правка - Создать
Б) Файл - Открыть В) Файл – Сохранить

16. Кез-келген бағдарламада сақталған құжатты ашу командасы қалай орындалады?
А) Файл - Создать Ә) Правка - Создать
Б) Файл - Открыть        В) Файл – Сохранить

17. Paint графиктік редакторында үзінділерді бұру командасы қалай орындалады? (2 жауабы бар)
А) Үзіндіні белгілеу, қосымша меню - Отразить/Повернуть
Ә) Правка - Отразить/Повернуть
Б) Үзіндіні белгілеу, Рисунок - Отразить/Повернуть
В) Үзіндіні белгілеу, негізгі меню - Растянуть/Наклонить

18.  Paint  графиктік редакторында үзінділерді еңкейту мен созу командалары қалай  орындалады? (2 жауабы бар)
А) Қосымша меню - Отразить/Повернуть
Ә) Үзіндіні белгілеу, Правка - Растянуть/Наклонить
Б) Үзіндіні белгілеу, қосымша меню - Растянуть/Наклонить
В) Үзіндіні белгілеу, Рисунок - Растянуть/Наклонить

19. Өшірілген объектілер орналасатын WINDOWS  қолданбасы ...
А) Менің компьютерім Ә) Себет (Корзина)
Б) Менің қркаттарын В) Бағыттаушы (Проводник)

7 сынып жоспарлары | Просмотров: 2323 | Добавил: Учитель | Дата: 19.01.2013 | Комментарии (0)

Сабақтың тақырыбы: Раіnt графикалық редакторында үзінділермен жүргізілетін әрекеттер.Үзіндіні шағылдырып бейнелеу, бұру, созу және еңкейту.
Сабақтың  мақсаты: Оқушыларды графикалық редакторда жұмыс істеуге үйрету. Білімділік: Үзінділерді шағылдырып бейнелеуді, бұруды, созуды және еңкейтуді үйрету; Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету; Дамытушылык: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру .
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .
3. Жаңа тақырыпты тұсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма беру.
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
Үзінді дегеніміз не?
Үзінділерді белгілеу жолдары қандай?
Үзінділермен қандай әрекеттерді орындауға болады?
Үзінділерді көшіру және жылжыту әрекеттері қалай орындалады?
Үзіндіні жою әрекеті қалай орындалады?

Жаңа түсініктер:
Үзіндіні бейнелеу немесе бұру әрекеттері:
1. Үзіндіні белгілеу
2. Рисунок менюіндегі немесе қосымша
менюдегі Отразить/Повернуть командасын орындаймыз
Бұл команда арқылы үзіндіні тік (вертикаль) немесе көлденең (горизонталь) осьтеріне қатысты 90,180, 270 градусқа бұруға болады.
Үзіндіні еңкейту немесе созу әрекеттері
1. Үзіндіні белгілеу
2. Рисунок менюіндегі немесе қосымша
менюдегі Растянуть/Наклонить
командасын орындаймыз

 
зіндіні еұкейту немесе созу әрекеттері:

Тапсырмалар:
1. Жұмыс дәптеріндегі 4.5.1, 2, 6, 7 тапсырмаларды компьютерде орындаңдар
2. Оқулықтағы 153 беттегі 49-суретті, 155 беттегі 53-суретті компьютерде орындаңдар
3. Төмендегі оюлардың бөліктерін салып, өрнек құрастыр және жанына аттарын жазыңдар
 
 
 

7 сынып жоспарлары | Просмотров: 1345 | Добавил: Учитель | Дата: 19.01.2013 | Комментарии (0)

Сабақтың тақырыбы: Раіnt графикалық редакторында үзінділермен жүргізілетін әрекеттер.Үзіндіні жылжыту және көшіру. Үзінділерді көбейту.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды графикалық редакторда жұмыс істеуге үйрету. Білімділік: Үзінділерді белгілеуге және олармен әр түрлі әрекеттер орындауға, үзіндіні
көшіруге, жылжытуға және жоюға үйрету;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету; Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті қүралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру .
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма беру.
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
Соңғы әрекеттерді болдырмау командасы қалай орындалады?
Суреттерді сақтау командасы қалай орындалады?
Сақталған суреттерді ашу командасы қалай орындалады?
Суретке мәтінді қалай енгізуге болады?
Жаңа түсініктер:
Үзінді - бұл суреттің белгіленген бөлігі. Үзінді мына құралдар арқылы бөлінеді немесе белгіленеді:
Белгілеу батырмасы   (выделение) төртбұрышты үзіндіні таңдайды
Кез келген аймақты бөліп алу    батырмасы ерікті пішінді аймақты бөліп алуға мүмкіндік  береді.

Үзінділермен орындалатын әрекеттер:
1. Алмасу буферіне қиып алу
2. Алмасу буферіне көшіру
3. Басқа жерге апару
4. Басқа жерге көшіру
5. Сурет бойынша көбейту
6. Пішіні мен өлшемін өзгерту
7. Масштабын өзгерту, қисайту
8. Төңкеру және бұру
9. Түсін өзгерту
10. Жою
 Үзіндіні көшіру мен жъшжыту:
1. Үзіндіні белгілейміз
2. Правка - Копировать немесе Вырезать командаларының бірін орындаймыз
3. Правка - Вставить командасын орындаймыз.
Үзіндіні өшіру (жою):
1. Үзіндіні белгілеу
2. Правка - Очистить выделение командасын орындаймыз немесе Deletе пернесін
басамыз
Тапсырмалар:
1. Оқулықтағы 140-141 беттердегі 1, 2 тапсырмаларды компьютерде орындаңдар
2. Жұмыс дәптеріндегі 4.4.3, 4, 5 тапсырмаларды орындаңдар
Сабақты бекіту сұрақтары:
Үзінді дегеніміз не?
Үзінділерді белгілеу жолдары қандай?
Үзінділермен қандай әрекеттерді орындауға болады?
Үзінділерді көшіру және жылжыту әрекеттері қалай орындалады?
Үзіндіні жою әрекеті қалай орындалады?
Үйге тапсырма: оқулықтағы 4.4. тақырыпты оқу, 136-142 беттер, жұмыс дәптеріндегі 4.4.1, 2 тапсырмаларды орындау.

7 сынып жоспарлары | Просмотров: 1605 | Добавил: Учитель | Дата: 19.01.2013 | Комментарии (0)

Сабақтың тақырыбы: Раіnt  графикалық редакторының командалары. Болдырмау командасы. Суреттерді сақтау. Мәтіні бар сурет салу.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды графикалық редакторда жұмыс істеуге үйрету. Білімділік: Болдырмау командаларымен жұмыс істеуге, суреттерді сақтауға және суретке
мәтін енгізуге, мәтін атрибуттарының тақтасын пайдалануға үйрету; Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұдыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету; Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақтың өту барысы:
1.    Оқушыларды ұйымдастыру .
3. Үйге берілген тапсырманы тексеру .
4. Жаңа тақырыпты тұсіндіру.
5. Тапсырмаларды орындау
6. Сабақты бекіту.
7. Үйге тапсырма беру.
Өткен материалды қайталау сурақтары:
Түзу сызық сызу әрекеті қалай орындалады?
Тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?
Дөңгеленген тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?
Эллипс, шеңбер салу әрекеттері қалай орындалады?
Осы фигуралардың түстерін қалай өзгертуге болады?
Кисық сызықтар салу әрекеті қалай орындалады?
Көпбұрыштар салу әрекеті қалай орындалады?
Құю құралын пайдаланып тұйық фигуралардың пішін қалай бояуға болады?
Жаңа тұсініктер:
Болдырмау командасы:
1. Соңғы әрекетті қалай болдырмауға болады?
Правка - Отемнить (Түзету - Болдырмау)
2. Орындатпаған әрекетті калай кері қайтаруға болады?
Правка - Вернуть (Түзету - Кері қайтару)
Суреттерді сақтау:
Суретті келешекте тағы да қолдану үшін сақтаймыз. Раіnt графиктік редакторында файлдың кеңейтілуі . bmp түрінде болады.
Сақтау әрекеттері былай орындалады: Файл - Сохранить как (Файл - Сохранить).
Сақталған суретті ашу: Файл - Открыть командасын орындаймыз, экранда ашылған
терезеден қажетті файлды таңдаймыз.
Суретке мәтіндер енгізу:
1. Надпись (Жазу)    құралының батырмасын шертеміз
2. Мәтін енгізетін аймақты таңдаймыз
3. Мәтінді енгіземіз
4. Егер Шрифты (Қаріп) құрал-саймандар тақтасы жоқ болса, оны Вид-Панель
атрибутов текста командасы арқылы қосамыз


5. Мәтін жақтауының сыртына шертеміз
Тапсырмалар: 1. Жұмыс дәптеріндегі 4.3.4 тапсырманы компьютерде орындаңыз
2. Оқулықтағы 134 беттегі 24-суретті компьютерде салыңыз
3. Төмендегі заттардың суреттерін компьютерде салып жанына аттарын
жазыңдар:
 
Сабақты  бекіту  сұрақтары:
Соңғы әрекеттерді болдырмау командасы қалай орындалады?
Суреттерді сақтау командасы қалай орындалады?
Сақталған суреттерді ашу командасы қалай орындалады?
Суретке мәтінді қалай енгізуге болады?

Үйге тапсырма: оқулықтағы 4.3. тақырыпты оқу, жұмыс дәптеріндегі 4.3.1,2,3 
тапсырмаларды орындау

7 сынып жоспарлары | Просмотров: 1786 | Добавил: Учитель | Дата: 19.01.2013 | Комментарии (0)

Наш опрос
Если бы Дед Мороз был реальным персонажем, какое желание Вы могли бы загадать на Новый год?
Всего ответов: 198
Поиск